ҰРЫНЫ АЛЫСҚА ҰЗАТПАЙ ҰСТАДЫ

ЖЫЛЫОЙЛЫҚ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ АУЫЛДА ТҰРАТЫН ҚАРИЯНЫҢ ҮЙІНЕ ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ.


ШОҚПАРТОҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ 60 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ ЖАУЫМБАЙ МҰШАҚҰЛОВ ӘКЕСІНІҢ ҮЙІНЕ БЕЛГІСІЗ БІРЕУ ТЕРЕЗЕСІН СЫНДЫРЫП КІРІП, ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕНДІГІ ТУРАЛЫ ПОЛИЦИЯҒА ХАБАР БЕРГЕН.
Ұры құны 200 мың теңгеге жуық заттарды жымқырып кеткені кейін белгілі болды. Алайда сол әкімшілік аумаққа жауапты учаскелік инспектор бұл кезде еңбек демалысында еді. Ол демалып жатқандығына қарамастан қылмысты ашуға жұмыстанған. Нәтижесінде күдікті 1987 жылы туған сол ауылдың тұрғыны екенін анықтады. Ұрланған заттар иесіне қайтарылып берілді. Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұрыны тапқан Нұрғиса Жамалбеков - Шоқпартоғай ауылының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры. Ол осы салада 10 жылдан бері еңбек етіп келеді.
-Еңбек демалысында жүрсе де, менің арызымды қарап, көмекке келген Нұрғиса Жамалбековке рақмет айтамын. Осындай инспекторлар бар кезде, қауіпсіздігімізге алаңдамасақ та болады. Тұрғындармен жақсы қарым-қатынас жасайтын мемлекеттік қызметші – біздің елдің дамуына себепші, - дейді Шоқпартоғай ауылының тұрғыны Ж. Мұшақұлов.

С.БАҚТЫҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз