«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы артып келеді

Ағымдағы жылдың басынан бері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде 2500-ден астам атыс жаттығулары, 1000-нан астам ұрыс машиналарын жүргізу және 80-ге жуық далалық жорықтар өткізілді.

Жауынгерлік даярлық үрдісі заманауи оқшауланған ұрыстар мен қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, атыс жүргізу әдістерін жетілдіруге, тактикалық икемділікті арттыруға, әскерлерді жаңашылдыққа бейімдеуге, сондай-ақ жеке құрамның көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған.
«Жауынгерлік дайындықтың қарқындылығын арттыру - бұл жеке құрамның жауынгерлік дайындығын жоғарылату мен кәсібилігін арттырудағы басты қағида болып табылады», - дейді Батыс өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары полковник Сұлтан Дюсембинов.

batys-garnizon-3 Оның айтуынша, қазіргі уақытта әскери бөлімдер взводтар мен рота деңгейінде тактикалық жаттығулар жүргізуде. Оларға мотоатқыш, танк, артиллерия, зениттік, барлау бөлімшелері, сондай-ақ теңіз жаяу әскері бөлімдері қатысуда. Оқу полигондарында арнайы бөлімшелер мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері біліктіліктерін арттыруда.
Жаттығулардың барлығы күндізгі және түнгі уақытта жүргізілуде.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521