Жылжымайтын мүлікке құқықты қалай тіркеуге болады?

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу – мүлікке құқығыңызды растайтын міндетті рәсім. Сатып алу-сату шарты, айырбастау, мұрагерлік ету немесе жалға алу сіздің құқығыңызды растамайды, дегенмен тіркеуге негіз боп табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу мүліктің толыққанды иесі атану, өзіңізді алаяқтықтан қорғау және келешекте оған қаитысты операцияларды кедергісіз орындау үшін қажет.
Жылжымайтын мүлікке белгілі бір орынмен тығыз байланысты нәрсенің бәрі жатады: жер телімдері, ғимараттар мен құрылыстар. Яғни, еш зарарсыз орнын ауыстыруы қиынға түсетін нәрселер. Біздің, яғни ҚР азаматтарының әрқайсысының ЖСН және жеке куәлігі бар болатыны секілді, ел аумағында жылжымайтын мүлік нысандарыың да өзіндік бірегей нөмірі және техникалық төлқұжаты болады. Электрондық үкімет порталының «Жылжымайтын мүлік» бөлімінен жылжымайтын мүлігніңіздің кадастрлық нөмірін біле аласыздар.

Жылжымайтын мүліктің толық сәйкестендіру сипаттамалары ретінде нысан туралы мәліметтерді танимыз:

- Мекенжай және бар болған жағдйда мекенжайды тіркеу коды;

- Жылжымайтын мүлік түрі;

- Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі;

- Меншіктің түрі;

- Құрамдас бөліктер саны;

- Жерлер санаты және олардың бөлінгіштігі;

- Арнаулы мақсаты;

- Қабаттылығы және ауданы.

Сіз жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім жасасқаннан кейін немесе оны мұраға алғаннан соң не болмаса «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркету туралы» заңы бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтың туындауының өзге жағдайларында оны 96 ай ішінде тіркеу қажет.

Жанар Кулниязова,

«Азаматтарға арналған үкімет» Атырау облыстық филиалы жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармсасы басшысының міндетін уақытша атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521