Ақкиізтоғай ауылдық округі аналар кеңесінің ұйымдастыруымен балалар жылына орай көп балалы аналар арасында "Әлемді тербеткен – асыл аналар" тақырыбында дебат өткізілді.
Дебаттың мақсаты: қоғамдағы аналар мәртебесін көтеру, көп балалы аналарды ұлықтау. Салтанатты шараға аудандық аналар кеңесінің төрайымы З.Қалмұханова, отбасы құндылықтарын насихаттаушы, Жылыой ауданының жанашыр ақжаулықты аналары Г.Еркебаева, Ш.Баянова қатысты.
Дебатта аналарға бала тәрбиесіне арналған даналарымыздың, ақын жазушыларымыздың өсиетті сөздерін табу сұрақтары қойылды.
Сонымен қатар "Аялы алақан" тренингі өткізілді.
Дебат қорытындысында:
1. "Ең жас ана" номинациясын Ж.Аманжолқызы;
2. "Тапқыр, ойлы ана" номинациясын Г.Жаншина;
3. "Парасатты ана" номинациясын А.Акмурзиева;
4. "Сұлу ана" номинациясын Г.Әбілдиева;
5. "Инабатты ана" А.Ақмұрзиева,
6. "Мейірімді ана" номинациясын С.Талпақова иеленді.
Шараға қатысушы аналарға мақтау қағаздар мен сыйлықтар табыс етілді.
Аққиізтоғай ауылдық округі әкімі аппараты