Жылыойда вокзал мен автовокзалда мүгедектерге мүмкіндік жасалмаған

Атырау облысы әкімінің мүгедектер істері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Ж.Есмағанбетова Жылыой ауданына іссапармен келді.

Жылыой ауданындағы әлеуметтік нысандар, аудандық емхана, аурухана, вокзал, автобекет, халыққа қызмет көрсету орталығы, "ҚазПочта" АҚ, "Кең Жылыой" мәдениет үйіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында бірқатар әлеуметтік нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға (вокзал, автобекет) қолайлы орта жасалмағаны анықталды.

Сондай-ақ, "Құлсары мүгедектер" ҚБ-нің жұмысымен танысып, оң қорытынды берді.

ea6504d5-4868-4bf3-9614-662cef48e73c

Зерделеу қорытындысына байланысты Жылыой ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер, аудан аумағындағы мемеке басшыларымен кездесіп, зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді жоюға ұсыныстар енгізді.

Енгізілген ұсыныстар жеке бақылауында болатынын жеткізді.

8b0aba8d-fcb2-4020-9514-ac0883428cc6

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT