Жылыойда қант тапшылығы байқалмайды

«AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен қала аумағындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларына кезекті мониторинг жүргізілді. Мақсаты: азық-түлік өнімдері құнының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Мониторингке партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты С.Кенжеғалиев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы А.Мирамбаев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің маманы Ә.Сағынғалиев, қоғам белсендісі Б.Өтегенова және партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінен құралған топ мүшелері қатысты.
Аталған топ Құлсары қаласындағы 6-учаскеде орналасқан «Лидер» супермаркетінде сөрелерге қойылған азық-түліктердің бағасын қадағалады. Мұнда Атырау облысының тұрақтандыру қорының өнімдеріне жататын күнделікті тұтынатын нан бағасы 106 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар мониторингтік топ 1-ықшам ауданда орналасқан «Лидер», «Ярмарка» сынды супермаркеттерге де барып, тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар тауарларының бағасын қадағалады. Онда қант әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сөресінде 510 теңгеден сатылуда. Алайда, қанттың тез сатылып кетуіне байланысты арнайы сөрелерде шектеулі мөлшерде ғана қойылады екен. Өзге де анықталған кем-тетік тұстарға сын-ескертпелер айтылды.

- Кәсіпкерлерді халық көп тұтынатын азық-түлік өнімінің бағаларын себепсіз өсірмеуге шақырамыз,- деді партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Кенжеғалиев.

audanymyzda-ant-1

Мониторинг барысында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы А.Мейрамбаев:

-Жуырда ауданымызға белгілі бір мөлшерде қант жеткізілді. Бағасы 560 теңгемен алынып, қазіргі таңда 600 теңге көлемінде «Береке» азық-түлік дүкендерінде және әр апта сайын өткізілетін жәрмеңкеде сатылымда бар. Өткен аптаға қарағанда осы аптада қантқа сұраныс азайған. Бұл басқа аудандарға қарағанда біздің өңіріміз жақсы қамтылып отыр деген сөз. Қазір ауданымызда қорда 42 тоннадан астам қант бар. Ол көтерме дүкендер арқылы жергілікті азық-түлік дүкендеріне жоғары бағамен сатылмайды. Қанттың бағасын тұрақты ұстау мақсатында Орталық базардың екі нүктесінде, «Лидер» супермаркетінде 520 теңгеден сатылымда бар. Апта сайын екі рет жаңартылып тұрады,- дейді.


Еске сала кетсек, бұдан бұрын да аталған сауда нүктелеріне мониторингтік бақылау жүргізілген болатын.

А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521