Аудандық мешіт өкілдері мен жамағаты ауданда өткен Наурыз мерекесін айрықша сән-салтанатпен атап өтті.
22 наурызда Құлсарыда өткен Ұлттық киімдер шеруінде бас имам Жасұлан Қуанышұлы бастаған Жылыой мешіті қаладағы 200 балаға мерекелік тәттілер салынған Рамазан сыйын үлестірді.
Негізінен, бұл - тамаша бастама. Себебі, біз балаларымызға тек қаңтардағы жаңа жылда ғана сыйлық береміз. Тиісінше ел ертеңі сол мейрамды асыға күтеді. Қай ойын баласы болмасын тәтті мен сыйлыққа құмар келетіні даусыз. Сондықтан болашақ ұрпағымызға Наурыз мерекесін насихаттап, қызықты қылу үшін осы бір жақсы бастаманы қолдап, қазақтың жаңа жылында да үрдіске айналдырып, жалғастыруымыз қажет-ақ. Сол арқылы ұрпағымызды қуантып қана қоймай, ұлттық дәстүрімізді де кеңінен дәріптей алар едік.
Е.АЛТАЙҰЛЫ