Жылыой ауданында «Жомарт жүрек сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті

«Жомарт жүрек» жобасының мақсаты қоғамды қайырымдылық шараларға атсалысуға шақыру. Іскер азаматтар, меценаттар мен үкіметтік емес ұйымдарды бірлесе жұмыс істеуге жұмылдырып, белсенділігін арттыру.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ә.Шәкіров өз кезегінде аудан әкімінің атынан құттықтау сөз сөйлеп, Алғыс хаттар табыс етті.

Құрметті «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсіміне қатысушылар.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатырған «Жомарт Жүрек» халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлерді ынталандыру және меценаттық пен қайырылымдылық идеяларын насихаттау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылуда.
Лауреаттарды құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріңізге саулық және пайдалы әлеуметтік және қайырымдылық қызметті одан әрі жалғастырып, ауданымыздың игілігіне арналған әлеуметтік бастамаларды іске асыруда табысты тәжірибе үлгісі болуды тілейміз-деді.
1. «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы жеңімпазы «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы;
2. «Туған өлке» номинациясы жеңімпазы Шағыров Ерболат Аралұлы;
3. «Жыл тұлғасы» номинациясы жеңімпазы Отаралиев Есет Макутұлы;
4. «Жыл меценаты» номинациясы жеңімпазы Тулендиев Бекболат Аманкелдіұлы;
5. «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы жеңімпазы Сарбалин Саламат Сергейұлы.
Алғыс хат иегерлері
1. Жасұлан Балағұлұлы
2. Думан Мұратұлы
3. Жаңабаев Дариға
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
Жақсы іс жасауға барлығымыз асығып, жақсылық жасаумен жарысайық.

9d5b18f1-04f2-40bd-8683-309641d8b314

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT