Жылыой ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын айқындау бойынша комиссия отырысы өтті

2022 жылдың 10 маусымында Жылыой ауданы әкімі Х.Жамаловтың төрағалығымен Жылыой ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бірінші кезеңінің жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.

Комиссия мүшелері конкурсқа өтінім берген үміткерлердің құжаттарымен танысып, одан кейін ұсынылған құжаттары бойынша  бағалау жүргізді.

Байқау жеңімпаздарын анықтау барысында отбасы мүшелерінің жетістіктері мен олардың маңыздылығы, үлкендерге деген құрмет пен сүйіспеншілікке негізделген рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруы назарға алынды. 

Конкурс қоғамдағы ізгілік пен адамгершілікті, неке және отбасы институттарын нығайтуға бағытталған. Осы жылы байқауға 7 отбасы қатысып, оның ішінде 2 отбасы комиссия шешімімен облыстық кезеңге жолдама алды.

Аталған отбасылардың ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Мұнайшылар отбасы», «Мұғалімдер отбасырынан» тұратын үміткерлер бар.

Аудан намысын облыста қорғайтын отбасыларға сәттілік тілейміз.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика