Жылыой ауданында инклюзивті кабинеттерді жөндеу және жабдықтау жұмыстары басталды

«Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «Теңізшевройл» компаниясы Атырау облысы, Құлсары қаласындағы мектептерде бес инклюзивті кабинетті жөндеу және қажетті құралдармен жабдықтауға кірісті.

Қазан айынан бері жөндеу жұмыстары мен монтаждау жұмыстары: қабырғалар тегістеліп, электр желілері тартылуда. Қазіргі уақытта арнайы жиһаз бен сенсорлық жабдықтарды жеткізу кезеңі басталды.

Инклюзияны қолдау кабинеттері бес мектепте ашылып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 158 баланы қамтиды. Кабинеттерде емдік денешынықтыру (ЛФК), логопед, дефектолог, психолог кабинеттері, сондай-ақ қыш шеберханасы қарастырылған.

Инклюзивті кабинеттердің тұжырымдамасы «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен салалық сарапшылардың бірлескен жұмысы нәтижесінде әзірленіп, жетілдірілді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT