Жылыой ауданы әкімі Ж. Қаражанов: «Жер асты су ұңғымалары жабылмайды»

Бұл туралы шаруа қожалық иелерімен бас қосқан жиында белгілі болды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

- "Өңірде дамуы әр түрлі ахуалға және табиғи сипаттағы ахуалға да бағынысты кәсіп иелері бар. Ата кәсіп мал шаруашылығымен айналысып отырған қожалық иелері арасында жер асты су көздері, төрт түліктің суаты, халық аузында фонтандарды жабады деген мәселе көтеріліп жүрді. Гидрогеолог мамандардың тізімінде жабылуы тиіс 68 фонтанға өзім аяқтай барып таныстым, қожалық иелерімен сөйлестім. Бұл маңдағы жер асты ұңғымалары жабылмайды, деп мәлімдеді Жылыой ауданы әкімі Жұмабек Байрақбайұлы.

Жиын барысында Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н. Жантоқовта жер асты артезиан су көздерінің бастапқы қолдану  мақсаты мұнай ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарына пайдалануға арналғанын атап өткен болатын.

93cc96bc-4daa-4f6e-9496-3e2b4a978e94

60 қа жуық шаруа қожалық бас қосқан жиында қожалық иелері жер асты ұңғымалары жабылса жұмыстары тұралап қалатынын алға тартып, фонтандарды жаппау туралы шешім қабылданғанына ризашылықтарын білдірді.

Соңғы мәліметке сәйкес ауданда 2022  жылдың  1 шілдесіне 381 шаруа қожалығы бар. Оларда  25 923 бас мүйізді ірі қара, 100 614 бас қой-ешкі, 14 037 бас жылқы, 10 643 бас түйе малдары есепке алынған.


©️ Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT