Ықшам аудан тұрғындары көше жарықтары, аумақтық шағын амбулатория, балалар ойын алаңы, көшеге асфальт жол төсеу бойынша ұсыныстарын айтқан болатын.
Аудан әкімі Ж. Қаражанов аумаққа қатысты түйткілді мәселелер өңірді дамытудың бес жылдық жоспарына енгізілгенін және халықтың сұранысын қанағаттандыратын жобалардың сметалық құжаттамасы жасақталып жатырғанын мәлім етті.
Сонымен қатар аудан басшысы тұрғындардың ұтымды пікірлері қаланың бас жоспарына оңды өзгеріс алып келетініне сенім білдірген болатын.
Осыған дейін аудан әкімі қала тұрғындарымен кездесуінен кейін қала аумағына қатысты мәселелерді әр ықшам аудан тұрғындарымен жеке-жеке қарастыру мақсатында кездесу кестесін бекіткен болатын.
Тұрғындардың назарына, 27 шілде күні аудан әкімі СМП-615 және теміржолшылар ықшам ауданы тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Тұрғындармен кездесудің күні және уақыты өзгеретін болса алдын ала хабарланатын болады.