Жазғы демалыс уақытында жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылық болып жатқан жоқ па? Жас өскін түн жарымында көшеде жүрген жоқ па? Полиция қызметкерлері осы мақсатта жақында «Каникул» атты жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Түнгі рейдке аудандық полиция бөлімімен бірге ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
Іс -шараның негізгі мақсаты - ата-аналар арасында тәлім-тәрбиелік түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алып, болдырмау. Өкінішке орай, түн ішінде бейсауат көше кезген балалар да аз болмады. Аудандық полиция бөліміне осындай 38 жасөспірім жеткізілді.
Құқық қорғау қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлігімен түнгі мезгілде ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз үй-жайдан тыс жерде жүрген жасөспірімдерге қатысты - 36 жадығат, КР ӘҚБтК-нің 435 бабы бойынша - 1 жадығат, КР ӘКБтК-нің 127 бабы бойынша - 1 жадығат толтырды. Сондай-ақ, профилактикалық есепке алынған 2 жасөспірімнің аһуалы тексерілді. Қолайсыз отбасы мен 2 ата-ана есепке алынды.
С.БАҚТЫҒАЛИ