Жылыой аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы сайланды

Жылыой аудандық Ардагерлер Кеңесінің ІІ - ші Пленумында Ардагерлердің басым бөлігінің дауыс беруімен Арыстанов Гайдар Зиноллаұлы Төраға ретінде сайланды.

Г.Арыстанов 22 тамыз 1952 жылы Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Алматы қаласы, Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын 1984 жылы бітірген, мамандығы инженер-механик.
Еңбек өтілі-52 жыл Зейнеткер.

Қазіргі таңда, Фермер «Бейбарыс» шаруа қожалығының төрағасы.
Қоғамдық жұмыстары-Коммунистік партия, кеңес салаларында көптеген қоғамдық жұмыстар атқарған, ауылдық Кеңес депутаты, партия ұйымында комитет мүшесі, халықтық бақылау комитетінің төрағасы.

Отбасылық жағдайы-үйленген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT