Жылойлық кәсіпкер – үздік тауар өндіруші

Атырау қаласында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының аймақтық туры өткен еді. Ол жергілікті тауар өндірушілерге өз өнімдерін жариялауға, оның артықшылықтары мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге көмектесетін жақсы алаң болып табылады. Қазір кәсіпкерлерге «алып-сату» қағидаты бойынша жұмыстың орнына өз өнімдерін өндіруге басты назар аудару маңызды. Бизнесті қолдау мен дамытудың нақты тетіктері бар және оларды пайдалану қажет.

Көрмеде қолөнер туындылары, тігін бұйымдары, тамақ өнімдері, құрылыс материалдары, өндірістік жабдықтар, тұрмыстық химия өнімдері ұсынылды.
Өңірлік турдың жеңімпаздары біздің облысты республикалық деңгейде таныстырады. Дипломанттар төрт жыл бойы байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында жеке кәсіпкер «Дәмді» («Мамулины вкусняшки» сауда маркасының полуфабрикаттары), «Асыл Агро» ШҚ (ет өнімдері мен консервілер) және ауданымыздың жеке кәсіпкері «Кулгазиева А.А» («Мако» сауда маркасының шұжық өнімдері мен бұқтырылған еті) жеңімпаз болып жарияланды.
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясында жеңіс ауа өткізгіштерді өндіруге маманданған «АРТС» ЖШС-не, арнайы киім өндіретін «Бүркіт Сейфти» ЖШС-не және резеңке өнімдерін өндірумен айналысатын «New Eco City» ЖШС-не берілді.
«Халық үшін үздік тауар» номинациясында жеке кәсіпкер "Калиева Э.К." ("ElZA&ART" сән үйі), «Өнерпаз» ЖШС және «Global textile Manutaktuting» компаниясы (ерлер мен әйелдер киімі) үздік атанды.

Ж.ЕСМҰХАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT