Атырауда жыл басынан бері 4000-ға жуық жүргізуші жылдамдықты асырған

 

Жыл басынан бері облыс аумағындағы тас жолда 20000-ға жуық құқық бұзушылық анықталып отыр.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, еліміздің республикалық маңызы бар Атырау-Ақтөбе тас жолында биыл жыл басынан бері 5177 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Оның ішінде 3898 жүргізуші жылдамдықты шектен тыс асырғандар. "Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғаларын болдырмау және алдын-алу мақсатында Полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының жеке құрамы шілде айының 19-нан бастап, тамыз айының 18-не дейін «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс шарасын жүргізуде. Көлік жүргізушілерін жол ережесін қатаң сақтауға шақырамыз" делінген хабарламада.

Фото ашық дерекөздерден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521