Мен биылғы Мемлекет басшысының Жолдауын зор ықыласпен қабылдап, ондағы бастамаларды толық қолдаймын. Себебі бұл Жолдау – еліміздің алдағы даму бағытын айқындаған, халқымыздың үмітін оятқан, ел болашағына жаңа серпін берген маңызды құжат.
Жолдау жолдарына үңілген сайын, әрбір тармақтан елдің ертеңіне деген шынайы жанашырлық пен жауапкершілікті сезінесің. Халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірлердің әлеуетін күшейту, жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсыну – бүгінгі күннің басты қажеттілігі.
Сондықтан да биылғы Жолдауда айтылған жоспарлар мен реформаларды толық қолдаймын. Бұл – тұрақты дамуға, жарқын болашаққа бастар айқын бағыт.
Қала тұрғыны
Камшат Көбейсінова



