Мемлекет басшысының Жолдауында бүгінгі күннің шынайлығына сәйкес ел дамуының негізгі бағыттары аталып өтті.
Осы мақсаттарға жету үшін биліктің барлық тармақтарының жүйелі жұмысы қажет. Цифрландыру жөніндегі ауқымды жоспарларды іске асыру инфрақұрылымға, білім беруге және кадрларды қайта даярлауға елеулі инвестицияларды талап етеді.
Елдің барлық өңірлерінде интернеттің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, өзге де озық технологиялар салаларында жеткілікті мамандар даярлау аса маңызды. Жолдауда аталған мәселелер алдағы уақытта оң шешімдерін тауып, еліміз одан әрі дамитынына сенемін.
Нұрайым Батыр,
Жылыой аудандық Жастар орталығының маманы