Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді.
Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі. Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл көңілге қонымды. Президенттің әрбір бастамасы, көтерген мәселелері елімізді одан әрі дамытып, халықтың әл-ауқаты жақсара түсетініне сенімдімін.
Зулқашев Абылайхан, қала тұрғыны