Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын тыңдай отырып, ең алдымен ел дамуының бағыты ғана емес, қоғамдағы ойлау мәдениетін өзгертуге деген ұмтылысты байқадым. Жолдау маған «мемлекет не береді?» деген сұрақтан гөрі «мен ел үшін не істей аламын?» деген ойды алға шығарғандай әсер қалдырды.
Жолдауда экономиканы әртараптандыру, еңбек адамының беделін арттыру туралы айтылған ой да маңызды. Бұл жастарды жеңіл жол іздеуден гөрі нақты кәсіпке, маңдай термен табыс табуға ынталандырады. Жеке өзім үшін бұл – болашаққа қатысты көзқарасымды қайта қарауға түрткі болған тұс.
Меніңше, бұл Жолдау қоғамға дайын шешім ұсынып қана қоймай, әр адамды ойлануға шақырады. Өзгеріс жоғарыдан ғана емес, төменнен – әр отбасыдан, әр жұмыс орнынан басталуы керек деген идея анық сезіледі.
Қала тұрғыны
Айгерім Ғалымжан



