Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын тыңдай отырып, мен оны жай ғана ресми құжат емес, ел болашағына бағытталған терең ой мен нақты жауапкершіліктің көрінісі ретінде қабылдадым.
Бұл Жолдау әр қазақстандықты бейжай қалдырмайтын, ойлануға, саралауға және әрекет етуге шақыратын маңызды үндеу болды.
Жолдауда қозғалған экономиканы жаңғырту, еңбектің қадірін арттыру, адал еңбек пен кәсіби жауапкершілікті алдыңғы қатарға шығару мәселелері де көңілге қонымды. Қазіргі заман – дайын табысқа емес, нақты еңбекке сүйенетін уақыт.
Мемлекет басшысының бұл ұстанымы жастарға да, еңбек адамдарына да дұрыс бағыт-бағдар береді деп есептеймін.
Қала тұрғыны
Дидар Тәженова



