Жолдау- жастарға жаңа мүмкіндіктердің бастауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауы еліміздің барлық азаматтары үшін маңызды құжат болса, оның ішінде жастар қауымы да үлкен үміт артып отыр.

 

Жолдауда айтылған жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау, заманауи білім мен технологияларды меңгеруге жағдай жасау – ең алдымен жас буынға бағытталған нақты қадамдар.

 

Жастар – еліміздің болашағы. Сондықтан олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, білімін жетілдіру және бастамаларына қолдау көрсету Жолдаудың басты артықшылықтарының бірі болып табылады. Президент атап өткен инновациялық даму, жасыл экономикаға көшу және жаңа кәсіпкерлік мүмкіндіктер жастарға тың идеяларын жүзеге асыруға кең жол ашады.Бұл Жылыой жастары үшін де маңызды.

 

Жылыой аудандық Жастар орталығы маманының айтуынша, жастар қауымы әділетті қоғам құру жолындағы бастамаларды да қолдап отыр. Себебі әлеуметтік теңдік пен мүмкіндіктердің әділ бөлінуі – жас буынның елге сенімін арттыратын фактор.

 

Қорыта айтқанда, Жолдаудағы міндеттерді орындауда жастардың белсенділігі мен қолдауы шешуші рөл атқарады. Бұл – елдің жарқын болашағына жасалған сенімді қадам.

 

Жылыой аудандық Жастар орталығының маманы

Нұрайым Батыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT