Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын тыңдаған сәттен бастап, мен оны тек мемлекеттік саясаттың кезекті бағыты емес, жастарға артылған үлкен сенім ретінде қабылдадым.
Өйткені Жолдауда айтылған әрбір бастаманың астарында ертеңгі күннің иесі саналатын жас буынға арналған мүмкіндік пен жауапкершілік қатар өрілген.
Бүгінгі жастар үшін ең маңызды мәселенің бірі – сапалы білім мен әділ мүмкіндік. Президенттің білім беру, ғылымды дамыту, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектке басымдық беру туралы ойлары бізге «уақытпен бірге жүре алатын елдің азаматы болу» талабын анық сезіндірді.
Жалпы, биылғы Жолдау жастарға нақты бағдар берді деп ойлаймын.
Қала тұрғыны
Камшат Көбейсінова



