Жолдау – жаңғыруға жол ашқан үндеу

 Президент Жолдауы – елдің алдағы бағытын айқындайтын стратегиялық құжат қана емес, әрбір азаматтың жүрегіне үміт отын жағады.

Бұл жолғы бастамаларда тек қана экономикалық өсім мен цифрлық даму емес, қоғамның тұтастығына, жас ұрпақтың болашағына деген айқын сенім бар.

 Әсіресе, «жаңа дәуірге жаңа серпін» идеясы халықтың арманымен үндесіп тұр. Жолдаудағы әрбір тармақ – бір-бір шамшырақ секілді. Білім мен ғылымға салынған инвестиция – ертеңгі қуатты Қазақстанның кепілі. Ал кәсіпкерлікті қолдау, жаңа технологияға жол ашу – жаһандық бәсекеде ұтпасақ, ұтылмайтынымыздың дәлелі.

  Бұл құжаттың ерекшелігі – қағаздағы құр сөз емес, іске асатын нақты қадамдарда. Халық сенімі мен мемлекет саясаты тоғысқанда ғана біз «Әділетті Қазақстанды» бірге құра аламыз.

                                 Қала тұрғыны
                                Әсел Алдашова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT