Биылғы Жолдауда мемлекет басшысы әлеуметтік салаға ерекше назар аударды. Халықтың тұрмысын жақсарту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру — елдің тұрақты дамуының ең басты кепілі деп айтуға болады.
Жолдауда көрсетілгендей, әлеуметтік қолдаудың жаңа механизмдері енгізіледі, медицина мен білім сапасы жақсарады, ауыл мен шалғай өңірлерге қызмет көрсетудің қолжетімділігі артады.
Мен бұл бастамаларды толығымен қолдаймын. Әрбір жаңа мүмкіндік, әрбір әлеуметтік жоба — адам өмірін жеңілдетуге, отбасының әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам. Жолдау халыққа сенім береді, мемлекет пен азамат арасындағы байланыс нығаяды.
Бұл бағыт — еліміздің біртұтас, әділ және дамыған қоғамға айналуына қызмет ететін маңызды бастама. Сондықтан мен Жолдаудағы әлеуметтік реформаларды қолдаймын және олардың іске асуы елдің болашағына оң ықпал етеді деп сенемін.
Бауыржан Тоқсанов


