Жолдау – халық үніне жауап

Әр ұлттың тарихында халықты бір мақсатқа ұйыстырып, болашаққа бағыт беретін сәттер болады. Осындай сәттің бірі – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы.

 Бұл құжат – жай ғана ресми баяндама емес. Ол – елдің болашағына бағытталған үндеу, жаңа дәуірдің басы. 
 
   XXI ғасыр – технология ғасыры. Президент Тоқаев бұл үрдісті терең түсініп, ел дамуының жаңа бағытын айқындады.
Жолдауда «Цифрлық мемлекет» концепциясын жетілдіру, жасанды интеллект пен инновациялық стартаптарды қолдау мәселесі қозғалды.

  Қазір халықтың сандық сауаттылығы артпайынша, елдің де, жеке азаматтың да мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан цифрлық даму – өркениетті қоғамның басты шарты.

                               Қала тұрғыны
                          Румилям Маметова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT