Жолдау – халық үмітінің жаңа белесі

Биылғы Жолдауда айтылған бастамалар елдің бірлігін нығайтып, болашаққа деген сенімді күшейтті. Қарапайым халыққа ең қажеті – тұрақтылық пен тыныш өмір.

Президенттің әрбір сөзі халықтың көңілінен шықты, себебі ол елдің мұң-мұқтажына құлақ асып отыр.

  Халық үшін ең қымбат нәрсе – әділдік. Жолдауда әлеуметтік әділдікке, әр азаматтың еңбегінің бағалануы мен табысының артуына ерекше мән берілді. Бұл – көпшіліктің көкейіндегі ой. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығына қолдау, жаңа өндірістер ашу сияқты мәселелер де халыққа нақты көмек болатыны анық.

Жолдау – бос уәде емес, елдің ертеңгі қадамын айқындайтын бағдар. Халық осы өзгерістерді асыға күтіп отыр. Себебі елдің дамуы – әрбір отбасының өмір сапасының артуы деген сөз.

                             Қала тұрғыны
                         Дәурен Бисенбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT