Мемлекетіміздің тыныштығы мен ел бірлігін сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында айтқандай, еліміздің басты құндылығы – татулық, келісім және бірлік. Осы қасиеттердің арқасында ғана біз тұрақтылықты сақтап, дамудың даңғыл жолына түсе аламыз.
Өкінішке қарай, соңғы жылдары қоғамда ұсақ құқықбұзушылық, вандализм, тіпті заңсыз көші-қон, ауыр қылмыстар мен түрлі экстремистік пиғылдағы әрекеттердің орын алып жатқаны жасырын емес. Бұл – бәріміз үшін үлкен сабақ. Мемлекетіміздің тыныштығына, қоғамның қауіпсіздігіне сызат түсіретін кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қойылуы тиіс. Ішкі істер министрлігінің бұл бағыттағы шараларын біз толық қолдаймыз. Себебі, құқықтық мемлекетте қылмысқа, бүлікшілдікке, қарақшылық пен арандатуға орын жоқ. Дін қызметкері ретінде біз де қоғамда тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуына үлес қосуымыз қажет.
Думан Мұратұлы,
Жылыой аудандық мешітінің бас имамы