Еліміздің дамуы мен болашағына жол сілтейтін маңызды саяси оқиға – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы барша қазақстандықтар үшін ерекше мәнге ие болды.
Жолдаудағы өзекті тұс – экологиялық тепе-теңдік пен “Жасыл экономикаға” көшу мәселесі. Табиғатты қорғау, суды үнемдеу, қалдықтарды азайту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – келешек ұрпақ алдындағы борышымыз. Бұл – елдің тұрақты дамуына жол ашатын маңызды бағыттардың бірі.
Мемлекет басшысының Жолдауы – елдің ертеңіне деген сенімді күшейтіп, халықты ортақ мақсатқа жұмылдыратын тарихи құжат. Онда айтылған бастамалар – бүгінгі өмірдің өзекті мәселелеріне нақты жауап. Бастысы – әрқайсымыз бұл Жолдауды жүзеге асыруда белсенді азаматтық ұстаным танытып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет. Бірлік, еңбек және адалдық – болашақ табыстың кілті.
Қала тұрғыны Аружан Мұратова