Жолдау – әділетті Қазақстанға бастайтын жол

Президенттің Жолдауында көтерілген бастамалар қоғамның әр саласына бағытталғаны ерекше көңіл қуантады. Бұл жолы білім мен ғылымға, жаңа технологияларға, ауыл шаруашылығына және өңірлердің дамуына баса назар аударылды.

Мұндай нақты міндеттер елдің тұрақты дамуына, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына жол ашады.

  Жолдаудағы ең маңызды тұстардың бірі – әділдік пен ашықтық қағидатын нығайту. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімді болуы, ауыл-аймақтардағы инфрақұрылымды дамыту – халықтың сенімін арттыратын қадамдар. Әсіресе жастарды қолдау, олардың кәсіби білім алуына жағдай жасау – болашағымыздың кепілі.

 Жалпы алғанда, Жолдау – Қазақстанның жаңа даму бағытын айқындап берген құжат. Ендігі міндет – айтылған бастамалардың уақытында әрі сапалы жүзеге асуына баршамыз үлес қосу. Бұл ортақ еңбек еліміздің жарқын болашағына негіз болмақ.

                           Қала тұрғыны
                   Нұрсұлтан Өскенбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT