Жолдау: даму мен жаңғыру жолы

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы еліміздің қазіргі даму кезеңіндегі негізгі сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді жан-жақты қамтыған маңызды стратегиялық құжат деп есептеймін. Жолдауда ұсынылған бастамалар қоғамның нақты сұраныстарына негізделіп, елдің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына бағытталғаны айқын байқалады. 

Президент өз Жолдауында экономиканы әртараптандыру, өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл бағыттар Қазақстан экономикасының сыртқы факторларға тәуелділігін азайтып, ішкі әлеуетті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сонымен қатар, цифрландыру мен инновацияларды дамытуға басымдық берілуі заманауи талаптарға сай әрі уақтылы қабылданған шешім екенін көрсетеді. 

Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының Жолдауы – нақты міндеттер мен жүйелі реформаларға негізделген, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын бағдарламалық құжат. Жолдауда белгіленген тапсырмалардың сапалы әрі уақтылы орындалуы Қазақстанның тұрақты дамуына және азаматтардың әл-ауқатының артуына берік негіз қалайды деп ойлаймын.

Қала тұрғыны

Бақытгүл Дүйсенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT