Қазақстан Президентінің 2025 жылға арналған Жолдауы қоғамда кеңінен талқыланып жатыр.
Бұл құжатта елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына қатысты маңызды бастамалар көтерілді.
Жолдауда білім беру саласына ерекше назар аударылды. «Жайлы мектеп» жобасы жалғасып, апатты және үш ауысымды мектептер жойылады. Бұл – балаларға қолайлы жағдай жасау үшін жасалған нақты қадам. Сонымен бірге ауылдағы медициналық қызметті жақсарту міндеті қойылды.
Ендігі басты міндет - осы айтылған жоспарларды жүйелі түрде жүзеге асыру.
Қала тұрғыны Гүлназ Есмұратова