Жолдау-2025: экономика мен саясаттағы жаңа технологиялық бетбұрыс

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады.

Бұл құжат ел дамуының жаңа бағытын айқындап, экономиканы жаппай цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу, жаңа министрлік құру, деректер мен цифрлық активтердің құқықтық негізін қалыптастыру сынды ауқымды бастамаларды қамтыды.  

 Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазіргі кезде халықты алаңдатып отырған өзекті мәселелерге арнайы тоқталып өтті. Оның ішінде интернет-алаяқтық, жол апаттары, әскердегі тәртіп, наркобизнеске қарсы күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің кемшілігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын және орта бизнес саласын шектен тыс мемлекеттік бақылау, ауыл шаруашылығы статистикасын бұрмалау сияқты түйткілдері бар. Бұл мәселелердің алдағы уақытта шешімін табатынына кәміл сенімдімін.

 Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы

Бақыт Елеусинова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT