Жұмыссыздық мәселесі талқыланды

Жaстaр aрaсындaғы жұмыссыздық қоғaм үшін өзекті әлеуметтік мәселенің бірі болып тaбылaды.

Осы мәселені терең талқылау мақсатында өткен аптада кездесу өткізілген болатын. Меморандумға қол қойған мекеме өкілдерімен бірлескен жиынды аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова жүргізді.

Кездесу барысында «Мансап» орталығының бұрынғы басшысы Бауыржан Садықов меморандумға отырған мекемелердің аудан тұрғындарын жұмысқа қабылдау көрсеткіштерін атап өтіп, орын алған кемшіліктерге тоқталды. Сондай-ақ, мәслихат депутаттары да өз ұсыныстарын білдіріп, анықталған мәселелерді жою бағытында бірлесіп жұмыс атқару қажеттігін айтты.

Саннан сапаға көшсек, жыл басынан бері ауданымызда тұрақты жұмыспен 1588 тұрғын қамтылған. Ал уақытша жұмыс орнымен яғни субсидияланатын жұмыс орнымен 878 тұрғын жұмысқа орналасқан. Атап айтқанда, ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында 37 мекемемен бірлесіп үшжақты меморандумға қол қойылған болатын. «Мансап» орталығы жұмыс берушілермен де белсенді түрде жұмыс істейді. Оларға қызметкерлерді табуға, оқытуды ұйымдастыруға және әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жоғарыда атап өткендей, субсидия бөлуге көмек көрсетеді. Ал, халықтың әртүрлі топтарын жұмысқа орналастыру үшін ауданымызда «Алқашқы жұмыс орны», «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Бастау бизнес» бағдарламалары қарастырылған. Өткен қазан айында «Болашағымыз жастар қолында» атты ұранды ұстана отырып, қазірден бастап жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында «Өзгеріс – өз қолыңда» атты жоба Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген болатын. Жоба барысында жас қатысушылар шаш қию, макияж, жиһаз жасау, дәнекерлеу шеберлік сынды сабақтарын тегін үйреніп шығуға мүмкіндік алды. Аталмыш шара әлі де жалғасуда.

Қорыта айтқанда, аудандық «Мансап» орталығы жыл басынан бері тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында үздіксіз қызмет етіп келеді. Жастар мен тұрғындарға арналған мүмкіндіктерді кең пайдалануға және алдағы уақытта да осы сынды шаралар мен кездесу жиындар өз жалғасын табады.

А.ТАЛАПКЕР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT