Жұмысшы жылы - жастарды кәсіпке баулу кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау арқылы еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін көтерудің маңызын айқындады.

Бұл бастама – өндіріс пен ауыл шаруашылығында, құрылыс пен қызмет көрсету саласында тер төгіп жүрген қарапайым жұмысшыларға деген зор құрметтің белгісі.

Махамбет ауданында да еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу, жас буынды кәсіби-техникалық бағытқа баулу бағытында нақты істер атқарылып келеді. Аудандық кәсіптік-техникалық колледжде  болашақ дәнекерлеуші, механизатор, аспаз, тігінші, электрик сияқты сұранысқа ие мамандар даярлануда.

Сонымен қатар, жергілікті кәсіпорындар мен мекемелер жас кадрларды тәжірибеден өткізуге мүмкіндік беріп, олардың еңбек жолын бастауына қолдау көрсетуде. Еңбек көрігін қыздырып жүрген аудан жастары – елдің ертеңі. Олардың табандылығы мен кәсібіне деген сүйіспеншілігі өзгелерге үлгі болары анық.

Аудандағы құрылыс нысандарында, жол жөндеу, көгалдандыру, коммуналдық қызметтер саласында жұмыс істейтін еңбек майталмандарының үлесі зор. Әрбір жұмысшы – аудан дамуының алғы шебінде тұрған тұлға.

Жұмысшы мамандығын игеру – тек кәсіби жол емес, бұл – қоғамға пайдалы болудың, елге қызмет етудің нақты көрінісі. Сондықтан еңбек адамдарына құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау – ортақ борыш. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында басталған шаралар еңбек адамының абыройын арттырып, жастарды еңбекқорлық пен кәсіпқойлыққа баулитыны сөзсіз.

Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ

Махамбет ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT