2025 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады.
Бұл шешім – еңбек адамына деген құрметтің нақты көрінісі. Президент өзінің Жолдауында: «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі» деп атап өтті.
Мақсат – қоғамда адал еңбекке, кәсібилікке, жауапкершілікке деген құрметті арттыру. Бұл – «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына негізделген. Мемлекет жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы еңбек адамының мәртебесін көтеруді көздейді.
Ел экономикасының ілгерілеуі үшін әр маман өз ісін шын жүректен, сапалы атқаруы қажет. Тек осындай ұстаныммен ғана Қазақстан әділетті әрі дамыған елге айналады.
Шаяхмет Ищанғалиев,
аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы