2025 жыл — «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында және белгіленген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Махамбет аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен аудан көлемінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тиімді байланыс орнату және жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын арттыру.
Жәрмеңкеге төмендегі жұмыс беруші ұйымдар қатысты:
• “COCRealty” ЖШС
• “Кәсіби Таңдау” ЖШС
• “Атырау Чикен” ЖШС
• “PetroRetail” ЖШС
• Махамбет ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау бөлімі
Жәрмеңке барысында аталған мекемелер өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды. Іс-шараға 50-ге жуық жұмыссыз азамат қатысып, түйіндемелерін тапсырып, ұсынылған лауазымдар бойынша кеңес алды. Бұл – жұмыссыз азаматтар үшін нақты жұмыс табуға бағытталған тиімді алаң болды.
Махамбет аудандық Мансап орталығы алдағы уақытта да осындай шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Г.СӘДУАҚАСОВА