2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы біз, жастар үшін үлкен мүмкіндік деп санаймыз.
Бүгінде елімізге тек білімді ғана емес, сонымен бірге қолынан іс келетін, кәсібін игерген, шебер мамандар қажет. Біз еңбек ете отырып өзімізді дамытамыз, жаңа тәжірибе жинаймыз, ел экономикасына үлес қосамыз.
Жұмысшы мамандығын игеру – тек кәсіби жол емес, сонымен қатар болашаққа сенімді қадам. Себебі қоғамда әрбір істің, әрбір мамандықтың маңызы бар. Біз үшін бастысы – өз ісімізді жақсы көру, оған адал болу.
Бұл жыл жастарға еңбекке ынталандыратын, жаңа мүмкіндіктер ашатын ерекше бастама болады деп сенеміз.
Мөлдір АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің түлегі