Жұмысшы мамандығы – қоғамның негізін қалаушы күштердің бірі

.


Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбіне осы мамандық иелерінің тынымсыз еңбегіне байланысты. Қай-қай салада да еңбек ететін  жұмысшы мамандықтарының әрқайсысы – күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Оларсыз бірде-бір өндіріс орны, мекеме немесе тұрмыстық жүйе дұрыс жұмыс істей алмайды.

Бүгінгі таңда заманауи технологиялар мен автоматтандыру үдерістері қарқынды дамығанымен, кәсіби жұмысшы кадрларына деген сұраныс әлі де жоғары. Бұл мамандық тек физикалық күшке ғана емес, сондай-ақ нақты білім мен тәжірибеге, жауапкершілік пен ұқыптылыққа негізделеді. Жұмысшы – өз ісінің шебері, қоғам игілігі үшін тынымсыз еңбек етуші жан.

Сондықтан жұмысшы мамандығы – тек «қол жұмысы» ғана емес, ол – біліктілік пен тәжірибенің, табандылық пен адал еңбектің көрінісі. Қарапайым еңбек иелерінің қадірі әрқашан жоғары бағалануы тиіс, себебі олар – ел экономикасының тірегі.

 

Камилла ҚҰРМАНҒАЗИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT