ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРҒА ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ҚОЛҒА АЛЫНҒАН «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАРДЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА. СОНЫҢ БІРІ «ОТБАСЫ БАНКІ» ҰСЫНҒАН «НАУРЫЗ ЖҰМЫСКЕР» ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды әрі қазіргі таңда жүзеге асып жатқан «Наурыз» бағдарламасының бір бөлігі болмақ. Бағдарлама 7 негізгі секторды қамтиды. Олар: ауыл, орман және балық шаруашылығы; тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру; өңдеу өнеркәсібі; электрмен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және өңдеу, ластануды жою қызметі; құрылыс және көлік және қоймалау. Ұлттық кәсіптер жіктеуіші негізінде 8 230 жұмысшы мамандық анықталды. Егер бағдарламаға қатысушы осы 7 саланың бірінде жұмыс істесе және осы мамандықтардың біріне ие болса, онда ол «Наурыз жұмыскер» бағдарламасына өтініш бере алады.

Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер, металл құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иелері бізді негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық – бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көпшілігі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді. Бірінші кезекте тау-кен, қайта өңдеу, өнеркәсіп мамандығының жұмысшыларына басымдық беріледі. Сондай-ақ энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары мамандықтарына баса мән беріледі. Осыдан кейін өтінім берушінің шынымен жұмысшы мамандығының өкілі екенін анықтаймыз. Яғни, технолог, сынама алушы, жүргізуші деген сияқты кәсіп иелері болуы керек. Аталған салалардың ұйымдарындағы кеңсе менеджері, бухгалтер, PR-менеджер болып жұмыс істейтін адамдар «Наурыз жұмыскер» бағдарламасына қатыса алмайды. Бұл жерде дәл қазір жұмысшы мамандықта жұмыс істеп жүрген адамдарға басымдық береді.

Айта кетер жайт, аталған бағдарламаға қатысу үшін аудан тұрғындары «Отбасы банктің» Атырау қаласындағы филиалына құжаттарын тапсы- ра алады. Сондықтан мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, биылғы жылы өз үйлеріне бақытты қоныстанушылар туралы жаңалықтар көп болатынына сенімдіміз.

Жадыра НАРИМАНОВА,

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT