Жұмысшы маман - қоғамның қуат көзі

Қай кезеңде де елдің экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқаты – еңбек адамдарының табанды ісіне тікелей байланысты.

Солардың ішінде электр энергиясын үздіксіз жеткізіп, тұрмыс пен өндірістің тынысын ашып отырған электрші мамандығының орны ерекше. Ауданымыздағы әрбір нысанның жарықпен қамтамасыз етілуі – осы мамандардың маңдай терінің жемісі.

Электр саласының мамандары күнделікті көзге көріне бермейтін, бірақ қоғам үшін аса маңызды жұмысты атқарады. Олар тұрмыстық желілерден бастап, өндірістік қондырғыларға дейінгі барлық электр жүйелерінің қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Ауданымыздағы тәжірибелі электршілер – өз ісінің шеберлері. Біліктілігін үздіксіз жетілдіріп, жаңа технологияларды меңгеріп, төтенше жағдайлар орын алған сәтте де уақытпен санаспай еңбек етеді. Әсіресе қыс мезгіліндегі ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тұрғындарға жарық пен жылу жетуі үшін тынымсыз жұмыс істейтін олардың ерлігі ескерусіз қалмауы тиіс.

Бүгінгі күннің бейбіт еңбегі – ел ертеңінің берекесі. Сол еңбектің алғы шебінде жүрген электрші мамандардың қоғамдағы беделі жоғары болуы – баршамызға ортақ міндет. Ауданымызда осындай кәсіби білімі терең, жауапкершілігі зор мамандардың бар екені – біз үшін зор мақтаныш.

Г.СӘДУАҚАС,

Махамбет ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT