Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы бірқатар проблемалардың басын қайырды.
Соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардан бастап жоғары оқу орындарындағы білім сапасы, заманауи оқу жүйесі жөнінде салмақты ойлар мен оң ұсыныстар айтылды.
Президентіміз баланы мектепке дайындау мәселесі бойынша өз сөзінде:
“Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет.
Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады.
Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
“деген болатын.
Иә, балалардың білім алуында тәрбиеші мен ұстаздың орны ерекше. Бүгінгі бүлдіршін - ертеңгі шәкірт. Сол үшін мектеп табалдырығын аттайтын титтей оқушылардың қалам ұстап, ой-пікірін еркін жеткізіп, анық сөйлеуіне біз, яғни, тәрбиешілер зор ықпал етеміз. Бүгінде мемлекет басшысының мектепалды ұйымдарға көңіл бөлуінің арқасында сапалы шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Сандуғаш Айтқұлова,
“Құлыншақ” балабақшасының тәрбиешісі


