Жерімізді түгендеп жатырмыз

Жер телімі
Ашық дереккөз

Қазақтың ұлан-ғайыр аумағында ұшқан құстың қанаты талады, шапқан тұлпардың тұяғы тозады. Дей тұрғанмен, қазіргі қоғамда жер жетпей жатыр.  Осы күні кейбір жандар егін егетін, кейбірі мал жаятын төңірек таппай, мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздыруда. Ақиқатында жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отырғаны Мемлекет басшысы тарапынан сынға ұшырап, қазіргі таңда игерілмей жатқан жерлерді қайтару жұмыстары атқарылуда. 

Атырау облысы Жер ресурстарын басқару департаменті, ҚР Президентінің Республика бойынша ауыл шаруашылық мақсатына беріліп игерілмей отырған жер учаскелерін мемлекетке қайтару тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атырау облысы бойынша өткен жылы барлығы 185 жер учаскесі қайтарылды. Оның көлемі – 206209,90 га , оның ішінде көлемі – 15416 га жер учаскесі егістік үшін, көлемі – 190693,90 жайылымдық үшін, көлемі – 100 га басқа мақсаттағы жер учаскелері.

Бұдан басқа, барлығы 185 жер учаскесінің ішіндегі 149 жер учаскесі көлемі – 123788,90 га жер телімін пайдаланушылар өз еріктерімен, ал 36 жер учаскесі көлемі – 82421 га жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімі өтуіне байланысты мемлекетке қайтарылды.

Бұдан әрі, қала және аудан бойынша саралап айтсақ,  Атырау қаласы бойынша барлығы 11 жер учаскесі қайтарылған. Оның көлемі – 30300 га және барлығы бірдей көлемі – 30300 га жайылымдық мақсаттағы жер учаскелері.

Атырау облысы жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Наурызбек Құмаровтың айтуынша, Атырау қаласы аумағындағы барлығы 11 жер учаскесіні пайдаланушылар өз еріктерімен мемлекетке қайтарған.

       -Аудандар бойынша сараласап айтсақ,  Жылыой ауданы бойынша барлығы 7 жер учаскесі қайтарылды. Оның көлемі – 14777,10 га және барлығы да жайылымдық мақсаттағы жер учаскелері. Қызылқоға ауданы бойынша 18712,50 га жайылымдық мақсаттағы жер, барлығы 14 жер учаскесі қайтарылды.  Бұдан басқа, барлығы 14 жер учаскесінің ішіндегі 13 жер учаскесі көлемі – 18212,50 га жер телімін пайдаланушылар өз еріктерімен, ал 1 жер учаскесі көлемі – 500 га жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімі өтуіне байланысты мемлекетке қайтарылды. Мақат ауданы бойынша көлемі -1200 га болатын жайылымдық мақсаттағы  2 жер учаскесі қайтарылды. Айтарлығы   жер учаскесілерін пайдаланушылар өз еріктерімен мемлекетке қайтарды.

Құрманғазы ауданы бойынша барлығы 53 жер учаскесі қайтарылды.

Оның көлемі – 30613 гектар. Оның ішінде көлемі – 15376 га жер учаскесі егістік үшін, көлемі – 15137 жайылымдық үшін, көлемі – 100 га басқа мақсаттағы жер учаскелері. Бұдан басқа, барлығы 53 жер учаскесінің ішіндегі 47 жер учаскесі көлемі – 29605 га жер телімін пайдаланушылар өз еріктерімен, ал 6 жер учаскесі көлемі – 1008 га жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімі өтуіне байланысты мемлекетке қайтарылды. Махамбет ауданы бойынша барлығы 34 жер учаскесі қайтарылды. Оның көлемі – 11649 га, оның ішінде көлемі – 40 га жер учаскесі егістік үшін, көлемі – 11609 жайылымдық мақсаттағы жер учаскелері. Бұдан басқа, барлығы 34 жер учаскесінің ішіндегі 22 жер учаскесі көлемі – 6577 га жер телімін пайдаланушылар өз еріктерімен, ал 12 жер учаскесі көлемі – 5072 га жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімі өтуіне байланысты мемлекетке қайтарылды. Индер ауданы бойынша барлығы 29 жер учаскесі қайтарылды. Оның көлемі – 90996 га және барлығы бірдей көлемі – 90996 га жайылымдық мақсаттағы жер учаскелері. Бұдан басқа, барлығы 29 жер учаскесінің ішіндегі 15 жер учаскесі көлемі – 16075 га жер телімін пайдаланушылар өз еріктерімен, ал 14 жер учаскесі көлемі – 74921 га жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімі өтуіне байланысты мемлекетке қайтарылды. Исатай ауданы бойынша барлығы 35 жер учаскесі қайтарылды. Оның көлемі – 7962,30 га және барлығы бірдей көлемі – 7962,30  га жайылымдық мақсаттағы жер учаскелері. Барлығы 35 жер учаскесінің ішіндегі 32 жер учаскесі көлемі – 7042,30 га жер телімін пайдаланушылар өз еріктерімен, ал 3 жер учаскесі көлемі – 920 га жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімі өтуіне байланысты мемлекетке қайтарылды,-деді  Атырау облысы жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Наурызбек Құмаров.

Сайып келгенде, игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді ауыл тұрғындарына қайтарып беру туралы Мемлекет басшысының бақылауында тұрған өзекті мәселе Атырау өңірінде осылай шешемін табуда.

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT