Мемлекет басшысының игерілмей жатқан және заңсыз иеленген жерлерді қайтарып, оларды тиімді пайдаланатын азаматтарға беру жөніндегі тапсырмасы әділ шешім деп есептеймін.
Бұл ауыл шаруашылығын жандандырып, еңбекқор азаматтарға нақты мүмкіндік беретін қадам.
Жер иесіз қалмауы керек.Оны қадірлейтін, еңбегімен өнім өндіретін адамдардың қолында болғанда ғана еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі нығайып, ауылэкономикасы өркендейді. Президент бастамасын толық қолдай отырып, әрбір азамат осы істің маңызын түсініп, ел игілігі үшін жұмыла еңбек етуі қажет деп санаймын.
Аудан тұрғыны Әбдімәлік Ханжақов


