Жемқорлықты жоюдың жолы

Сыбайлас жемқорлықтың ең жиі кездесетін түрі – парақорлық. Пара беру де, алу да – үлкен қылмыс. Ол әсіресе мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне кедергі жасап, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына сәйкес, бұл дертпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар бірлесіп жүргізуі тиіс.

Иә, ол үшін қолында билігі бар азаматтар қоғамда жемқорлық көріністеріне тосқауыл қойып, осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін ұсына отырып, заң талабының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Сондықтан үнемі басқарма қызметкерлерімен техникалық сабақтар, түсіндіру жұмыстары өткізіліп тұрады. Олардың құқықтық білімін жетілдіру мақсатында сабақтарда заңнамаларды оқып, газет-журналдарда және ғаламторда жарияланған құқықтық мақалалармен танысып отырады.

«ҚР мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» еліміздің заңдары үнемі талқыланады және «ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» мәтіні ғимаратта көрнекі жерде ілініп тұр. Жемқорлықты жоюдың жолы - электрондық жүйелер. Қазіргі таңда қазынашылық саласында қолданылып отырған «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі мемлекеттік мекемелердің шығынын азайтып, қаржысын үнемдеуге және мемлекеттік қызметкер мен клиент арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Бұл ретте бюджет процесінде сыбайлас жемқорлыққа ұрындыратын адами фактордың мейлінше азаятыны сөзсіз. Себебі, «Қазынашылық-клиентте» жасалып отырған әрбір операция ғаламтор арқылы жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасап тұрған «Е-өтініш» базасы жеке және заңды тұлғалардың өтініш немесе шағымдары дер кезінде қаралып, орындалуына бағытталған жүйе. Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттен әркімнің де аулақ болғаны абзал. Сонда ғана дамыған мемлекеттер қатарынан көрінеріміз хақ.

Жансая Бейіш,

аудандық қазынашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT