Бұл кеселге қарсы күрес - қоғамның ең өзекті мәселесінің біріне айналды. Сондықтан да біздің елімізде, әсіресе соңғы жылдары сыбайластыққа жол беріп, мемлекет мүддесіне қарсы іс-әрекеттерге барған азаматтар жоғары лауазымы мен шеніне қарамастан жазаға тартылып жатыр.
Бұл әрекет сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де нақты орындалып келе жатқанына куә болып отырмыз. Ол үшін республикамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет үшін тиісті заңнама базасы да бар. Бұл ретте қоғамның өзі, әрбір жекелеген азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға шешім қабылдамаса, мемлекеттік басқару құзіретті және тиімді болмаса, онда ол заңдар сөз жүзінде ақлып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес оң нәтиже бермейді.
Негізінен, еліміздің келешегі жарқын болуы үшін жас мамандарға берілетін білім сапасы жоғары, тәрбие саналы болуы тиіс. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруды мектеп, орта және жоғары оқу орындарынан, тіпті балабақшадан бастаған жөн деп ойлаймын.
Менің ойымша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тек билік қана емес, барлық азаматтар атсалысса ғана нәтижелі болады. Осы мәселелер бойынша қоғамдық ағарту жұмыстарын, мысалы, адал мемлекеттік қызметкер немесе пара бермейтін кәсіпкерлерді дәріптейтін акциялар ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау қажет. Қоғамдық игіліктерді бөлуде, пәтер кезегін немесе жер телімін беруде әлі де ашықтық пен жариялалықты қажет ететін нәрсеелер бар.
Кейбір адам сыбайлас жемқорлық мәселелері тек мемлекеттік қызметтегі немесе оларға теңестірілген адамдарға қатысты деп ойлайды. Алайда, «Жемқор» ұғымына мәртебесіне қарамастан, пара бергендер де, пара беруге делдал болған адамдар да жатады. Яғни, парақорлық жасаған екі тарап та қылмыс жасаған болып табылады және құқық бұзушылар қатарына кіреді.
Аудандық қазынашылық басқармасында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесін» жауапты қызметкерлер басшылыққа алып, ережелерді сақтап отырады. Аталған ереженің тәртібі сақталмаған қаржылық құжаттар, себептері көрсетіліп орындалмай, қайтарылып беріледі. Осының өзі жемқорлыққа жол бермеу мақсатында атқарылған шаралардың бірі.
Басқармада үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және болдырмау туралы техникалық сабақтар өткізіліп келеді. Осы жылы басқарманың 3 қызметкері наурыз және мамыр айларында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында «Парасаттылық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбындағы біліктілігін арттыру семинарына қатысты. Басқармада Е-өтініш Базасы үнемі тексеріліп тұрады.
Иә, сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Сондықтан да, бүгінгі атқарылып жатқан жұмыстардың көздейтін мақсаты – ешкімге абырой әпермейтін осы бір кеселдің көзін құрту. Біз өз қызметімізде бұл жұмысты күн тәртібінен ешуақытта түсірмейміз. Қолға алынған істер көп. Солардың бірі – ҚР Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспарында қаралған барлық мемлекеттік мекемелермен «Қазынашылық-Клиент» электрондық құжат айналымы жүйесі ауданымызда толық енгізілді. Бұл жүйе біздің жұмысымыздың тиімділігі артып, жемқорлық әрекеттерге ұрыну дерегін болдырмаудың дәлелі. Біздің көздегеніміз – осындай ұтымды істерімізбен жат әрекеттің жолын кесіп, жарқын болашақтың өркендеуіне үлес қосып, өскелең ұрпақтың арының таза болуына ықпал ету.
Ж.М.Бейіш, Жылыой аудандық қазынашылық басқармасының басшысының орынбасары, басшының міндетін атқарушы