Сыбайлас жемқорлық – кез келген елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына кері әсер ететін қауіпті құбылыс. Бұл – мемлекеттік билікті жеке мүддеге пайдалану, пара алу мен беру, қызмет бабын асыра пайдалану сынды заңсыз әрекеттер жиынтығы.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осыған байланысты елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданып, түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Арнайы агенттік құрылып, қоғамда ашықтық пен есептілікті арттыру шаралары қолға алынуда.
Бірақ, бұл кеселмен тек заңмен күресу жеткіліксіз. Аталған мәселемен бүкіл қоғам болып күресу қажет. Әр азамат өз іс-әрекетіне жауапты болып, әділдік пен адалдық қағидаларын ұстануы тиіс. Бұл жерде ел ертеңін қанаттандырып жатқан білім беру саласында жас ұрпаққа парасаттылық пен әділеттілік туралы тәрбие беру де маңызды рөл атқарады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек билік органдарының емес, әрбір азаматтың борышы. Егер әрқайсымыз адал болып, ьірлесіп күрес жүргізсек, онда сөзсіз әділдік орнайды, ел дамиды.
Сансызбай Баймұратов,
Жаңа Қаратон кентінің әкімі