Жеңіл ойынның ауыр салдары

Қазақстанда соңғы жылдары лудомания, яғни құмар ойынға тәуелділік мәселесі айтарлықтай өзекті болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл тек экономикалық емес, әлеуметтік және психологиялық мәселе ретінде де қоғамға қауіп төндіруде.
Лудомания – адамның ойынды тоқтата алмау жағдайына жетіп, жеке қаржысына, отбасыға, әлеуметтік өміріне кері әсер ететін патологиялық тәуелділік. Мамандардың сөзіне сенсек, тәуелді адамдардың көпшілігі бастапқыда ойынға қызығушылық ретінде кіріскен, бірақ уақыт өте келе ойын психологиялық тәуелділікке айналған. Қазақстандық психологтар ойын тәуелділігінің белгілерін былай сипаттайды: ойын ойнауға уақыт пен ақша шығындарын бақылаудың жоғалуы, әлеуметтік байланыстардың әлсіреуі, эмоциялық тұрақсыздық және отбасы қатынастарына кері әсері. Сонымен қатар, тәуелді адамдар көбіне несие алып, қаржылық дағдарысқа ұшырайды.
Мемлекет бұл проблеманы назардан тыс қалдырмай отыр. Соңғы жылдары заңнамалық деңгейде ойын бизнесіне шектеулер енгізіліп, онлайн-казино қызметіне тыйым салынды. Сонымен қатар, психологтар мен мамандар қоғамдық ақпараттық науқандар арқылы тұрғындарды құмар ойындардың қауіптілігі туралы хабардар етуге тырысуда. Дегенмен, мамандардың пікірінше, бұл шаралар жеткіліксіз. Лудоманиямен күрес тек заңдық шектеулер арқылы емес, психологтардың және әлеуметтік қызметтердің көмегімен, қоғамның хабардарлығын арттыру арқылы жүзеге асуы тиіс. Әсіресе жасөспірімдер мен жастарды құмар ойындардан қорғау басты міндет. Құмар ойындар тек көңіл көтеру емес, кейде адамның өмірін бұзатын ауыр тәуелділікке айналуы мүмкін. Сондықтан өз-өзіңді бақылау, қажет болған жағдайда кәсіби көмекке жүгіну бүгінгі күннің басты қажеттілігі. Қазақстан қоғамы үшін бұл мәселе маңызды әрі өзекті. Лудоманияның алдын алу әр отбасының, әр адамның жауапкершілігі ғана емес, мемлекет үшін де стратегиялық міндет.
 
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT