Ауданымыздың белсенді жастары Президент Жолдауын еліміздің болашағына бағытталған үлкен бағдар деп бағалап отыр. Олар Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға әрдайым үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізуде. Жастардың белсенділігі мен жаңа идеялары қоғамды алға жетелейтін басты күш екені белгілі.
Жастар қауымы әділетті қоғам құруға бағытталған бастамаларды да қолдайды. Әлеуметтік теңдіктің сақталуы, әділ бәсекелестіктің орнауы – жастардың елге деген сенімін арттырады. Бұл қадамдар жас буынның белсенділігі мен азаматтық ұстанымын нығайтып, мемлекет дамуына қосатын үлесін арттыра түсетіні сөзсіз.
Осы тұста мобилограф Аида Мұратова жолдауға қатысты өз ойымен бөлісіп, қолдайтынын жеткізді.
- «Біз үшін Жолдауда айтылған ең басты мәселе – жаңа мүмкіндіктердің ашылуы. Жаңа жұмыс орындарының құрылуы, ауылдық жерлерде инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау – жастардың елге деген сенімін күшейтеді. Бұл бізге еңбек етуге, жаңа идеяларды жүзеге асыруға күш береді».
2025 жылғы Жолдау – жастарға сенім артқан, олардың бастамаларын қолдаған құжат. Ауданның белсенді жастары осы сенімді ақтап, мемлекет дамуына өз үлестерін қосуға ниетті.
Мобилограф
Аида Мұратова