2025 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің дәстүрлі халыққа Жолдауын жариялап, еліміздің дамуының жаңа бағытын айқындап берді.
Президент өз сөзінде қазіргі заманда білім мен ғылымсыз мемлекеттің табысты дамуы мүмкін емес екенін нақты айтты.
Білім беру жүйесін реформалау, жастарды қолдау, технологиямен ұштастыру – барлығы да елдің ертеңгі дамуына бағытталған стратегиялық шешімдер. Егер жастар өз мүмкіндігін дұрыс пайдаланып, білім мен еңбекті басты құндылық деп білсе, Қазақстанның болашағы жарқын болары сөзсіз.
Қала тұрғыны Жанар Махамбетова


